2024-08-15

2024 жылы Бакуде Формула 1 жарыстарының өткізілуіне орай, визалық рәсімдерді жеңілдету туралы

Формула-1 жарыстарының өткізілуіне орай, Әзербайжан Республикасына келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар 2024 жылдың 15 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында Әзербайжан Республикасының халықаралық әуежайларына келген кезде виза ала алады.

Виза берілуі үшін келесі құжаттардың бірі қажет:
1. Формула 1 жарысын халықаралық ұйымдастырушылар "Formula One Management Limited"және Халықаралық автомобиль федерациясының тиісті ережелеріне сәйкес аккредиттеуді растайтын аккредиттеу картасы немесе
басқа құжат.
2. Baku Circuit Operations Company компаниясының аккредиттеу картасы.
3. Билет, оның ішінде 2024 жылғы Формула 1 жарысына
билетті алғанын растайтын электронды билет немесе құжат.

Мұрағаттан іздеу