Футболдан Еуропа чемпионаты кезінде Бакуге келетін шетелдіктерге виза беру ережелері

  • Әзербайжан Республикасы Президентінің 2021 жылдың 13 сәуіріндегі «2021 жылғы Футболдан Еуропа чемпионатының 4 матчын (үш топтық және бір ширек финал) Баку қаласында өткізуге байланысты жүргізілетін кейбір шаралар туралы» № 2576 бұйрығына сәйкес, Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар визаларын Әзербайжан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеттерінде 2021 жылдың 1 мамыры мен 5 шілдесі аралығында ала алады.

Виза алу үшін төменде көрсетілген құжаттардың бірі болуы қажет:

  1. Ұйымдастыру комитетінің немесе Әзербайжан Футбол федерациялары қауымдастығының (AFFA) ресми шақыру хаты.
  2. Аккредиттеу картасы немесе Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) тиісті ережелеріне сәйкес аккредиттеуді растайтын басқа құжат.
  3. Билет немесе Бакудегі футбол жарыстарына қатысушы елдерде тұрақты тұратын азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар үшін матчтарға билет сатып алғандығын растайтын құжат.

 

2021 жылғы футболдан Еуропа чемпионатының 4 матчын (үш топтық және бір ширек финал) Баку қаласында өткізуге байланысты, Әзербайжан Республикасына келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар «ASAN Visa» жүйесі арқылы электронды виза ала алады.

Мұрағаттан іздеу