Тарихы

1.Антикалық дәуірдегі Әзірбайжан

Ғалымдардың пікірінше, бүгінгі таңдағы территорияда Кавказ тауларының солтүстігінен Каспий теңізінің бойымен Иран шоқыларына дейін созылған аумақта Әзірбайжан түріктері мекендеген. Әзірбайжан ертедегі палеолит дәуірінен бері алғашқы адамдар мекен еткен аймақтар арасында орналасқан. Б.з.д VI-VII мыңжылдықта осы аймақтарда ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы кеңінен таралған. Ғалымдар Гобустандағы жартасқа салынған суреттерді б.з.д XIII ғасырға жатқызады.

1979- 1994 жж. Норвегиялық атақиы ғалым және саяхатшы Тур Хейердал Гобустанға арнайы саяхат жасады, оның ойынша Каспий теңізінің жағасындағы аймақтар өркениеттің бастауы болып, теңіз арқылы солтүстік пен оңтүстік бағытта таралған. Хейердалдың гипотезасын Гобустан петроглифтерінен қолдау тапты, кейін аталған ғасырға тиесілі Норвегия үңгірлеріндегі суреттер және орта ғасырларда жазылған қиссалар да дәлелдеді.

Гобустандағы тастағы қайық суреттермен бірге күннің суреті бейнеленген, күн мәдениеттері ұқсас Әзірбайжан және Месопотамияның Шумер/ Аккад өркениеттерінің арасындағы тығыз байланыстарды көрсетеді.

Б.з.д. IV ғ. аяғы мен IV басы алғашқы қалалық өркениеті  және бастапқы мемлекеттік құрылымы бар қоғам таптарының пайда бола бастағанын көрсететін белгілер бар. Бұл уақытта  Аратта, Гутиан сияқты тайпалар қалыптасты. Шумер сына жазуларына сүйенсек, тарихи Әзірбайжан территориясында б.з.д. III ғ. жартысында Урмия көлінің оңтүстік- шығысында пайда  болған алғашқы мемлекет Аратта мемлекеті. Шамамен, б.з.д. 2300 Әзірбайжан территориясындағы ежелгі екінші мемлекет Урмия көлінің оңтүстігі- Луллубеи мемлекеті. Гутиан мемлекеті б.з.д. III ғ. екінші жартысында Урмия көлінің оңтүстік-батысында қалыптасты. Б.з.д. 2175 ж. Гутиандықтар шумер мен аккадты жаулап алып,100 жыл бойы билік етті. Шумер мен аккад тайпаларымен тығыз саяси, экономикалық, мәдени байланыста болған ежелгі Әзірбайжан мемлекеттері Месопотамия өркениетін кеңейте түсіп,  оларды Түркі ұрпақтарының әулеті билеген.

Ежелден бері Әзірбайжан территориясында мекендеген түркітілдес адамдар отқа табынып, әлемнің ең ежелгі діни сенімдерінің бірі зороастризмді ұстанды.

Әзірбайжан тарихында маңызды орын алатын Атропатен корольдігі б.з.д 520 ж оңтүстік бөлігінде құрылып, элинизмнің әсері болды. 

IV ғ. аяғында Әзірбайжанның солтүстігінде Кавказдық Албан мемлекеті құрылды. Албанияның халқын түркітілдес түрлі ұлттар қамтыды. 313 ж. бері христиан діні қабылдана бастады. 

 I-II ғ.аралығында түгел Кавказ аймағы Рим билігінің қол астында болғанда, Албания өзінің тілі мен мәдениетімен бірге саяси тәуелсіздігін сақтаған жалғыз мемлекет болды. Сонымен қатар, осы уақыт аралығында дербес албан католикосаты мен албан шіркеуі  басқа христиан шіркеулерінен дербес болды және кавказ бен түркітілдес халықтары арасында христиан дінін насихаттады.

2. Орта ғасырлардағы Әзірбайжан

Араб елдерінің ықпалымен  VIII ғ. басынан Әзірбайжандағы басты дін- ислам. Албандықтардың көп бөлігі ислам діні қабылдады, тек аз ұлттар өздерінің діндерін ұстады. Кавказдың солтүстігінде Византия империясының ықпалы мойынсұнып, албан шіркеуі мен грузия шіркеуімен бірге арабтар басып кірмес бұрын доктрина қабылдады. Византия ықпалына төтеп беру үшін халифат армения шіркеуінің қолдауына сүйенді, кейін армения шіркеуінің әсері монофизиттілік бас бұрғызып, Қарабах таулы аймақтарында тұратын албандықтарды грегорияландыруға жол ашты.

Албан мен атропатен халықтарының бір елде тұрып, өмірі мен шаруашылығы етене байланысу Әзірбайжан халқына ынтымақтастық өмірге жол ашты. IX ғ. басында Бабак бастаған еркіндік, тәуелсіздік және теңдік жолындағы қозғалыс Әзірбайжанда етек жайды. Халифатқа қарсы жергілікті тұрғындар бірнеше жаңа мемлекеттер бой көтерді. Астанасы Шемаха, Ширван елі Мазиьяд әулетімен басқарылды. XVI ғ. дейін жалғасып, Әзірбайжан ортағасырлық тарихында зор рөл атқарды. IX- XI ғ. Әзірбайжан территориясында Саджид, Саларид, Раввадид және Шаддадид тәуелсіз мемлекеттері өмір сүрді. XI ғ. аяғынан бастап Әзірбайжанды селжұқтар биледі. 1136 - 1225 жж. аралығында Атабек Елдегиз өз билігін жүргізді.

XI-XII ғ. түркітілдес халықтарының бірлігі мен олардың бір  ислам дінін дәріптеуі Әзірбайжан ұлттарының ауызбірлігіне ықпал етті. Сонымен қатар, әлемге талантты философтар, ақындар, ғалымдар, сәулетшілер  сыйлаған Әзірбайжан мәдениетінің гүлденген шағы болды. Әзірбайжандық әлеуметтік және мәдени жетістіктерінің ең ұлысы- ақын және философ Низами Ганджавидің еңбегі - қазіргі таңда әлем мәдениетінің рухани қазыналарының бірі.

XII-XIII ғ. албан хандары билеген Карабах таулы аймақтарының белгілі болған уақыты. Хасан Джаляль билеген  кезең албанның қайта өрлеуі мен Гандзасар монастрлік кешені құрылысының аяқталып, ежелгі шіркеулердің орталығына айналған уақыт.

XIII ғ. ортасынан бастап, монғол хулагуидтар әулетіне тәуелді болды. Жалапид мемлекеті (1359-1410 жж.) дворяндар қолдауымен Әзірбайжан территориясындағы билікті қолына алды.

1410-1468 және 1468-1501жж. Кара-Коюнлу мен Ак-Коюнлю әулеттерінің билік еткен кезінде Әзірбайжан билігі айтарлықтай күшейді. 1501 жылы Әзірбайжанда құрылған Сафавид мемлекеті Әзірбайжан династиясының билігімен атын өзгертіп, астанасы Табриз болды.  Осы уақытта Әзірбайжан территориясының барлық бөліктері тарихта бірінші рет бір тудың астына жиналды. Территориясы Амудариядан Евфратқа дейін, Дербенттен Персид шығанағына дейінгі аумақты алып жатыр. Әзірюайжан мемлекеті құрылып, саяси билік Әзірбайжан феодалдық аристократтар қолында қалды. Жоғарғы сот билігінің өкілдері, әскери генералдар, билеушілер Әзірбайжан аристократтары арасынан тағайындалды. Ресми тілі Сафавид мемлекетінің тілі болды.  XVI ғ. соңынан қарай мемлекет астанасы Исфахат қаласына ауысты.

3.Тәуелсіз Әзірбайжан хандығы

Ресей мен Иран арасындағы Әзірбайжан бөлінісі

 XVIII ғ. ортасында Персид шахы билігінің Әзірбайжанда әлсіреуімен ел 20 хандыққа бөлініп кетті. Оған қоса, Кура мен Аракс өзендері арасында орналасқан, Әзірбайжан хандығының ажырамас бөлігі болып табылатын, мұсылман әзірбайжандары  мен албан христиндары құрайтын Таулы Қарабах, Араш, Илису, Казах-Самшадиль сұлтандықтарына бөлінді.

XVIII- XIX ғғ.  Персид, Ресей және Осман империяларын Әзірбайжанда өз биліктерін орнату үшін  шабуыл жасады. Хандықтар тәуелсіздік үшін күрессе басқалары өз мансаптары үшін қолдарына қару алды.

 1805 жылдың 14 мамырында Кура өзенінің бойында Азербайджан ханы Ибрахим Халил келісімге қол қойды. Келісімге сәйкес Қарабах хандығы Ресей билігінің қол астына кіреді. Бұл келісім бүгінде тарихи тұрғыдан Қарабахтың Әзірбайжа қол астына кіретінін көрсетеді.

Алғашқы Ресей-Персид соғысы 1804-1813 жж. Әзірбайжанға билігі үшін болды және нәтижесінде Әзірбайжан территориясы бір бөлігі Ресей-Персид елдері билігіне өтті. Гүлістан ынтымақтастық келісіміне 1813 жылдың 12 қазанында Ресей и Персид  қол қойылып, күшіне енді.Екінші Ресей Персид соғысы 1826-1828 жылы аралығында 10 ақпанда болды, Түркманчай бейбіт келісімне қол қойылды.

Қарабах хандығын қоса, барлық көрсетілген хандықтар Әзірбайжан иеліктері ретінде Ресейге қосылдығын айта кету маңызды.

4.Армян халқының Әзірбайжан территориясына қайта қоныс аударуы

Түркманчай келісімі және 1829 Едірнеде жасалған бейбіт келісімі бойынша Персия және Оттоман Империясындағы армяндықтар Әзірбайжан территориясында, Начиван, Ериван, Қарабах хандықтарында орналастырылды. Ресейлік ғалым К. Шавровтың айтуынша, 182-1830 жж өзінде 40000 персиялық жәгн 84 000 түрк армяндары Транс- Кавказ жерінде 200 000 десятина жер бөлініп,орын тепті.

Александр Грибоедов өзінің жазбаларында Мохаммедан жерлерінің көп бөлігінде армяндар тұрды, жаңа тұрғындар Мохаммедан тұрғындарын шетке ысырды. 

Американдық академик Джастин Маккарти оңтүстік Кавказдағы орналасу жайында кейбір фактілерді көрсетеді.  1828-1920 жж аралығында Әзірбайжан халқының санында  армяндықтар санын көбейту үшін халық демографиялық құрылымы өзгеру  саясатымен 2 миллионнан астам мұсылмандықтар елден қуылды және қаза болғандар саны белгісіз. 1828 және 1854 жж. орыстар шығыс Анатолий жеріне басып кіріп, Кавказдағы 100 000 армян жақтастарын өздерімен алып кетті, сәйкесінше олардың орнына түріктер, яғни әзірбайжандар келді. 1877-1878 жж. соғыст барысында Ресей Карса-Ардаганды аумағын жаулап алып, мұсылмандар мен 70 000 армяндарды өз үйлерінен қуды. Шамамен 60 000 армян халқы ресейлік Каваказ жеріне 1895-1896 жж қиыншылық заманда қоныс аударды. Бірінші Дүниежүзілік соғысы уақытындағы миграция барысында 40000 армяндықтар шығыс Анатолиийден орнына Кавказдың 400 000 мұсылмандары келді.

Маккартидің ақпаратына сүйене отырып, 1828-1920 жж 560 000 армяндықтар Әзірбайжанға қоныс аударды. Басқа сөзбен айтқанда, Ресейдің оңтүстік Кавказды жаулап алуының нәтидесі болып, әзірбайжан жеріндегі армяндықтар қонысы жері солтүстіктен Аракс өзеніне дейін аз уақытта тез өсті.

Қарабах тұрғындарының саны есебіне сәйкес, Ресей аннексиясынв дейін Қарабах хандығындағы отбасылар саны 12 000 болса, олардың 9500 әзірбайжан және 2500 ғана армяндықтар болған. 1823 жылдың мәліметтеріне сәйкес, Қарабах хандығының қаласы- Шуша- шамамен 600 ауылдың 450 әзірбайжан халқының қоныстанған жері болса, 150-і армян халқы тұрған.Шуша қаласындағы әзірбайжан жән армян халқының көрсеткіштері сәйкесінше, 1048 және 474, ауылдық жерлерде 12 902 және 4331 көрсетті.

І-ші Николай патшаның 1828 жылғы 21 наурыздағы жарлығы бойынша, Нахичеван және Эриван хандықтары билігі ресейлік шенеуіктері басқаратын жаңа «армян облысы» әкімшілік басқармасымен алмастырылды, 1849 жылы армян облысы Эриван губерниясына арналды.

Мақсаттарына жету мақсатында армяндар ресей басшылығының албан христиандық  ескі ғұрыптардың алып тастауына қол жеткізді. Тәуелсіздігін жоғалтқаннан кейін батыс аймақтардағы албандар жеріне армяндар қоныс аударуының нәтижесінде армяндандыру үдерісі басталды.

5. ХІХ – ХХ ғ. басындағы Әзірбайжан

ХІХ ортасынан бері  мұнай интучтриясы солтүстік Әзірбйжанда кеңінен дами бастады. Алғашқы мұнай 1848 жылы алынды.  ХІХ аяғы мен ХХ ғғ. Ресейдің 95 %  және әлемдік мұнай өндірісінің 50 % құрады. Нобель мен Ротшильд көп табыс әкелген мұнай магнаттарының бірі.

ХІХ – ХХ ғ.  екінші жартысында Әзірбайжан мәдениетінің ұлттық мәдениеті үшін табысты уақыт болды. 1908 жылы Узеир Гаджибеков, атақты әзірбайжан композиторы, «Ләйлі мен Мәжнун» мұсылман әлеміндегі алғашқы операсын жазды. Жалпы музыка мәдениеті жоғары болғандығы соншалықты, Әзірбайжан «Шығыс консерваториясы» немесе «Шығыс Италиясы» ретінде танымал.

Ұлттық әлеуметтік және мәдени даму басқа салаларда да көрініс тапты. ХІХ ғ.  жаппай ағарту түсінігі белең алды, осы мақсатта 1858 ж. Әзірбайжан интеллигенциясының күш салуымен «Әзірбайжан» газеті  оңтүстік Әзірбайжан Тебриз қаласында алғаш жарыққа шықты.  Бастапқы уақытта, аталмыш газет әзірбайжан тілінде шығып, түрлі аттармен бірнеше жыл бойы жарық көріп отырды.

1875-1877 жж. Солтүстік Әзірбайжанда «Экинчи» атты газеті Гасан Бек Зардабидің басшылығымен жарыққа шықты. «Экинчинің» басты жетістіктерінің бірі туған тілі байыту мен оның қолданысын кеңейту болды.

Сонымен қатар,  мәдениеттің дамуына қосымша екпін берген әдебиет қайраткерлері пайда болды: Мирза Фатали Ахундов, Мирза Алекпер Сабир, Джалил Маммадгульзада, Джафар Джаббарлы, Фирудун бей Кочарли, Ахмед Джавад. Сонымен қатар, бейнелу өнері, архитектура, театр, кинематография салалары гүлденген уақыт болды.

Жедел мәдение- идеологиялық қозғалыс әзірбайжан қауымдастығының саяси институционализациясы мен консолидациясына әсер зор болды. Ресейдегі әзірбайжандықтар, құқық қорғау жөніндегі мұсылман-демократиялық қозғалыс пионерлері қатарында болды. Әзірбайжан мемлекет қайраткері, Алимардан Бек Топчибашев «Мұсылман Одағының» негізін салушылардың бірі. Мұсылмандар Одағы 1905 жылы түрік- мұсылман халықтарының мүддесін қорғау мақсатында құрылды. Әзірбайжан халқының өкілдері осы қозғалыста Ресей Империясында қаналған мұсылмандардың басты мақсатына жетуіне  белсене ат салысты.

ХХ ғ. басында саясаттың даму процесін қарастыру барысында,әзірбайжандылық идеясының негізін салған Ахмед Бек Ага оглы, Али бей Гусейнзаде есімдерін атап өту керек.

XIX соңы - ХХ  ғғ. бірінші жартысында оңтүстік Әзірбайжандағы әзірбайжандардың саяси танымын  ашылуына куәгерлер болды. 1905-1911 жж. шах абсолютизмін шектеу мақсатында Саттар мен Багир хан сияқты ұлттың қаһармандарының басшылығымен  қозғалыс болды – олар саяси мәдениеттің демократиялық формаларын және институттандыру үдерісін Персияға әкелді.

1905-1911 жж. әлеуметтік- саяси жағдайлардың салдары Тебризде Шейх Хиябани басшылығымен қозғалыстардың пайда болуына әкелді. 1945 ж. Оңтүстік Әзірбайжанда парламент пен үкіметтің пайда болуы Ирандағы әзірбайжандардыңсаяси мәдениетінің өсуінің  көрсеткіші. ХІХ соңы – ХХ басында Оңтүстік Әзірбайжан Ирандағы барлық демократиялық үдерістердің орталығына айналды.

6.Алғашқы Демократиялық Әзірбайжан Республикасы (1918-1920)

 1917 жылғы Ресейдегі революциядан кейін  Ресей империясы әлсіреп құлауының үрдістері этникалық аймақтарда жекелеген тәуелсіз мемлекеттердің құрылуына жағдай жасады.1918 жылдың 28 мамырында Әзірбайжан Демократиялық Республикасы оңтүстік Кавказдың шығыс бөлігінде ислам әлеміндегі алғашқы парламенттік билік құрған мемлекет ретінде жарияланды.Ал бұл өз алдына мемлекет ретінде құрылып, ұлттық бірізділік пен әзірбайжан халқы болуға тарихи маңызды рөл атқарды және көшбасшысы Расулзаде болды.

Әзірбайжан Демократиялық мемлекетінің және ұлт ретінде дамуы әзірбайжан ұлтының ислам өркениетін және түрік мәдениетін сақтау және ұстану негізінде халықтың дамуын білдіретін модернизм, исламизм, пантюркизм принциптерінен «әзірбайжандылық» идеясынан бастауын алды.

 Өзінің қысқа шамамен екіжылдық тарихында көппартиялық Әзірбайжан Парламентіне мемлекеттік қаржы, білі беру, эконмикалық жүйе, әскер құру сияқты біршама маңызды қадамдар жасады.  1920 жылдың 11 қаңтарында Париж бейбіт келісім, Версаль келісімінде Әзірбайжан Республикасы тәуелсізд мемлекет ретінде астанасымен мойныдалды. 1919 жлыдың соңында 1920 жылдың басында Әзірбайжан Демократиялық Республикасында саяси жағдай өзгерді- сыртқы және ішкі жағдайлар нашарлады. Стратегиялық маңызды және мұнайға бай өлке үшін өз мақсатын көздеген Антанта, Персия, Ресей елдерінің тартысқа түсті.

Тәуелсіздік Декларациясы

Төраға орынбасары Хасан-бек Агаев басшылығымен, хатшысы Мустафа Махмудов, Фатали хан Хойский, Халил-бек Хас-Мамедов, Насиб бек-Усубеев, Мир Идаят Сеидов, Нариман бек-Нариманбеков, Эйбат-Гулу Мамедбеков, Али Аскер-бек Махмудбеев, Аслан-бек Гардашев, Султан Междид Ганизаде, акпер Ага-Шейх-уль-Исламов, Мехди бек Хаджибабеев, Мамед Юсиф Джафаров, Худад-бек Мелик – Асланов Рагим-бек- Векилов, Хамид бей Шантахтинский, Джамо Мелик- Еганов, Шафи бек Рустамбеков, Хосров-Пашабей Султанов, Джафар Ахундов, Магомед Магеррамов, Джавад Мелик- Еганов и Хаджи Мулла Ахунд-заде Әзірбайжан ұлттық кеңесі 1918 жылы 28 мамырда Тбилиси қаласында Әзірбайжан тәуелсіздігі туралы Акт қабылдады.

Ұлы орыс революциясы кезінде Ресейде саяси режим орнап әр түрлі мемлекеттік құрылғы бөліктерінің тарауына әкелді.

 Күнгей Кавказ халықтары Күнгей Демократиялық Федеративті Республика құрды. Саясат дамуымен грузин халқы Күнгей Кавказ Демократиялық Республикасынан бөлініп жеке Демократиялық Республика құруды шешті. 

 Ресей мен Осман империялары арасындағы әскери қозғалыстардың тоқтауы Әзірбайжандағы ішік және сыртқы саяси жағдайлардың шешімін табуға және жеке мемлекет болуға қажеттіліктің тууына әсер етті. Әзірбайжанның ұлттық кеңесі жалпы мемлекеттік сайлаудан кейін халқына жариялады:

1.Әзірбайжан барлық мемлекеттік құқығы бар шығыс және оңтүстік Күнгей Кавказдан тұратын тәуелсіз ел

2. Тәуелсіз Әзірбайжан саяси формасы Демократиялық Республика

3. Демократиялық Әзірбайжан Республикасы барлық көршілес, Еуропа мемлекеттерімен жақсы қарым-қатынас орнатуды көздейді

4. Әзірбайжан Демократиялық Республикасы территориясында ұлтына, дініне, жынысына, әлеуметтік жағдайына қарамастан азаматтарының құқығын қамтамассыз етеді.

5. Мемлекет билігі уақытша үкіметтің қолында болады.

Әзірбайжан Демократиялық Республикасы

1918-1920

Аумағы: 114 000 кв.км

7. Екінші Республика: Әзірбайжан Кеңестік Социалистік Республикасы (1920-1991)

Ресей Социалистік Федеративті Республиканың большевиктік үкіметінің Әзірбайжан Демократиялық Республикасын мойындамау саяси шешімі 1920 жылы  11-ші Қызыл Әскердің Әзірбайжан шекарасына енуі және экономикалық дағдарыста жүрген бейбіт халыққа, армяндардың әзірбайжандарға қарсы Карабах пен Зангезурда лаңкестік соққылары Әзірбайжан Демократиялық Республикасының әлсіреуіне зардабын тигізіп,27-28 сәуір 1920 жылы 11-ші әскер астананы  жауалп алды. Кавказ фронтындағы Генштабының телеграммасында  айтылғандай, Ресейдің әскеріне  бұрынғы Ресей империясының  территориясын қайтарып алу бұйрығы болған. 70 жыл бойы Кеңес Социалистік Республикалары кеңесінің құрамына кірген  Әзірбайжан Кеңес Социалистік Республикасы мемлекет ретінде қалыптасуға, әлеуметтік-экономикалық және мәдениет салаларын дамытуда жаңа қадамдар жасады. Кеңес уақытында Әзірбайжанда сонымен қатар КСРО-да кері тенденциялар жүрді.

Экономикалық  тұрғыдан  ел кеңестік экономика үшін жанармай, шикізат және ауылшаруашылығы өнімдерінің орталығына айналды. Мәдение тұрғыдан кириллицаның латын алфавитінің орнын басқаны әзірбайжан әдебиеті және мәдениетінің түпнегізімен тікелей байланысты болды. Кеңестік режим Әзірбайжан  зиялыларын этникалық даралығын көрсетпеу және өз нағыз тарихын зерттемеу үшін барынша басып жаншыды.

Кеңестік кезеңде Зангезур, Гейча, Нахчыван бөліктері және басқа аймақтары Әзірбайжан территориямынан  тартып алынып көршілес Арменияға берілді. Нәтижесінде  1920 жылғы Әзірбайжан Демократиялық Республикасының аумағы 114 000 кв. км болған  территориясы, 1920-1921 жж. 86 600 кв.км-ге кішірейді. Сонымен қатар 1923 жылдың 7 шілдесінде  басым бөлігін армяндар құрайтын Нагор-Карабах автономды облысын Мәскеу большевиктер  көшбасшылары б  басым бөлігі әзірбайжан халқы болып табылатын тарихи Карабах территориясын бөліп тастады.  Бұл саяси  топтардың Әзірбайжаннан Нагор Карабахты тартып алудағы алғашқы қадамы еді.

8. Үшініші Республика: Әзірбайжан Республикасы

1988-1990 жж. Әзірбайжан ұлттық-демикратиялық қозғалысы тәуелсіз мемлекетті қайта жаңғыртуға күресті. 1989 жылы 23 қыркүйекте Әзірбайжан алғашқы кеңес республикалары арасында өз егенмендігін жариялады. 1990 жылдың 20 қаңтарында аталмыш қозғалысты басу мақсатында Михаил Горбачев билігі уақытында кеңестік биліктің мақұлдауымен кеңестік-армян әскері жіберілді. Сұм қаталдықпен жүргізілген репрессия уақытында жүзедеген жазықсыз әзірбайжандар қаза тапты,зардап шекті. 1991 жылдың ортасына дейін төтенше жағдай жарияланды. Осы сәтсіздіктерге қарамастан, тәуелсіздік үшін талмай күрескен әзірбайжан халқының патриоттық күштерінің әкелген жемісі Жоғары Кеңестік Әзірбайжан Республикасының декларациясы 1991 жылы 31 тамызда қабылданды.

Әзірбайжан Республикасының тәуелсіздігі туралы заң 1991 жылдың 18 қазанында аяқталып, тәуелсіз Әзірбайжан мемлекетінің негізін салынды және саяси, экономикалық құрылымы анықталды. Бұл Әзірбайжан Республикасының акті 71 жылдан кейін  қайта халықаралық құқықтың жеке субъектісі болды.

1992 жылы Әзірбайжан БҰҰ және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше болды.

Мұрағаттан іздеу