2020-10-17

Әзербайжан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 355/20 мәлімдемесі

2020 жылғы 17 қазанның сағат 01:00 шамасында Арменияның қарулы күштері әзербайжандық Гянджа қаласына баллистикалық зымырандармен шабуыл жасады. Бұл Арменияның Әзербайжанға қарсы жаңа арандатушылығын тоқтату басталған уақытынан санағанда, Әзербайжанның майдан шебінен алыс орналасқан, үлкендігі бойынша екінші қаласына деген, жай халық арасында ауыр құрбандыққа алып келген үшінші жан түршігерлік шабуылы. Нәтижесінде 2 кәмелетке толмаған жасөспірімдерді қосқанда 12 бейбіт тұрғын қаза тапты, 40-тан астам адам жарақат алды.

Арменияның халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаттарын, халықаралық гуманитарлық құқықты, сондай-ақ, атысты гуманитарлы тоқтатуды айқын бұзу болып табылатын бейбіт тұрғындарға әдейі және іріктеусіз жасаған шабуылдары, бейбіт тұрғындарды қасақана өлтіруі - әскери қылмыс пен адамгершілікке қарсы қылмыстың көрінісі. Осы қылмысқа деген жауапкершілік толығымен Армения басшылығының мойнында.

Арменяның тоқтаусыз арандатушылығы, бейбіт тұрғындарға жауыздық шабуылдары тоқтатылуы керек және халықаралық қоғамдастық Арменияның Әзербайжан халқына қарсы осы адамгершілікке жатпайтын әрекеттеріне көз жұмбауы керек.

Біз Арменияның Әзербайжанның бейбіт тұрғындарына жасаған жауыздық шабуылдарын ең батыл түрде айыптаймыз және осы агрессор-мемлекетті өз әскери қылмыстарын тоқтатуға шақырамыз.

Арменияның әскери-саяси басшылығы террорды мемлекеттік саясат ретінде қолдана отырып, бейбіт тұрғындарды зымыранды атысқа ұшырату туралы бұйрық бергені үшін жауапкершілік көтереді. Әзербайжан Республикасы ұлттық және халықаралық құқық механизмдері негізінде, осы қылмысқа кінәлілер жауапқа тартылатынын мәлімдейді.

Мұрағаттан іздеу