Елшінің үндеуі
Ceyhun Bayramov
Ағалар Атамоғланов

Құрметті сайтымыздың қонақтары!

Сізді Қазақстан Республикасындағы Әзірбайжан Республикасының Елшілігінің сайтынан көруге қуаныштымыз.

Әзірбайжан – көне тарихы, географиясы, экономикасы қуатты, мәдениеті бай өлке.

Сіз парақшамызда Әзірбайжандағы саяси, экономикалық және мәдени оқиғалар мен Әзірбайжан-Қазақстан қарым-қатынастарының жай-күйі туралы ақпаратты, сондай-ақ көптеген ақпарат көздеріне сілтемелерді ала аласыз.

Әзірбайжанның тек мұнай-газ секторында ғана емес, көптеген елдер назар аударатын және инвестицияға қолайлы шикізаттық емес секторда да үлкен әлеуеті мен мүмкіндіктері бар. Олар: ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп, туризм, химия өнеркәсібі, металлургия, алюминий өнеркәсібі, машина жасау және т.б.

Әзірбайжан мен қазақ халықтары арасындағы тарихи бауырластық пен достықтың тамыры тарих қойнауында жатыр. Тәуелсіздік жылдарында екі мемлекет басшыларының қызметі нәтижесінде елдеріміз бір-біріне әлдеқайда жақын бола түсті.

Біздің Елшілік ретіндегі міндетіміз – осы достық пен бауырластық дәстүрлерін жалғастыру, қарым-қатынасымызды барлық салада дамыту.

Біз елдеріміз арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі тереңдету мақсатында веб-сайтымызды жақсарту жөніндегі ұсыныстарыңызды қуана-қуана тыңдаймыз.

 

Құрметпен,

елші

Ағалар Атамоғланов

 

Бөлісу
Барлық құқықтар сақталған. Кез келген лицензияланған материалды пайдалану үшін хабарласыңыз.
Құпиялылық саясаты