Әзірбайжан Республикасының Конституциясынан үзінді:
23-бап. Әзірбайжанның мемлекеттік рәміздері
I. Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Әзірбайжан Республикасының Туы, Әзірбайжан Республикасының Елтаңбасы, Әзірбайжан Республикасының Мемлекеттік әнұраны.
II. Әзірбайжан Республикасының туы үш кең жолақтан тұрады. Жоғарғы жолақ көк, ортаңғы жолақ қызыл және төменгі жолақ жасыл болуы керек. Тудың екі жағындағы қызыл жолақтың ортасында ақ жарты ай мен сегіз бұрышты жұлдыз болуы тиіс. Ені мен ұзындығының қатынасы 1:2 болуы қажет.
III. Әзірбайжан Республикасы Туының және Әзірбайжан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, Әзірбайжан Республикасы Мемлекеттік Әнұранының музыкасы мен мәтіні Конституциялық заңмен айқындалады.
Әзірбайжан Республикасының Туы
Әзірбайжан Демократиялық Республикасының үш түсті туы алғаш рет 1918 жылы 19 қарашада Үкімет отырысында қабылданып, 1918 жылы 7 желтоқсанда жиналыс өткен Әзірбайжан Демократиялық Республикасы Парламенті ғимаратының үстіне көтерілді.
Әзірбайжан үкіметінің 1918 жылғы 9 қарашадағы Мемлекеттік Ту туралы қаулылар кітабынан үзінді:
«Тыңдалды: Мемлекеттік Ту туралы Министрлер Кеңесі Төрағасының баяндамасы. Шешім қабылданды: Жасыл, қызыл және көк түстерден, ақ жарты ай мен сегіз қырлы жұлдыздан тұратын ту Мемлекеттік ту болып саналады.
Әзірбайжан Демократиялық Республикасы ыдыраған 1920 жылдың 27 сәуіріне дейін мемлекеттік мәртебеге ие болған ту 1920 жылы 3 мамырда Әзірбайжанды Кеңес-Орыс әскерлерінің басып алуы нәтижесінде Әзірбайжан Парламенті ғимаратының алдында түсірілді. Әзірбайжан Демократиялық Республикасынан мұра болып қалған ту Нахчыван Автономиялық Республикасы Жоғарғы Мәжілісінің төрағасы, ұлт көшбасшысы Гейдар Әлиевтің бастамасымен 1990 жылы 17 қарашада өткен жиында Нахчыван Автономиялық Республикасының мемлекеттік туы болып бекітілді. Осы ретте Нахчыван Автономиялық Республикасының Жоғарғы Мәжілісі Әзірбайжан КСР Жоғарғы Кеңесіне үш түсті туды Әзірбайжанның ресми мемлекеттік рәмізі деп тану туралы өтінішпен жүгінді. 1991 жылы 5 ақпанда Әзірбайжан Республикасының Жоғарғы Кеңесі өтінішті қарап, үш түсті туды Әзірбайжанның мемлекеттік туы деп тану туралы шешім қабылдады. Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің 2009 жылғы 17 қарашадағы Жарлығына сәйкес, жыл сайын 9 қарашада Әзірбайжанда Мемлекеттік Ту күні тойланады.
Ту ені бірдей үш көлденең жолақтан тұрады (жоғарғы жолақ көк, ортаңғы жолақ қызыл, төменгі жолақ жасыл). Тудың екі жағындағы қызыл жолақтың ортасында ақ жарты ай бейнеленген сегіз қырлы жұлдыз бейнеленген. Әзірбайжан Республикасының Мемлекеттік Туының көк түсі Әзірбайжан халқының түркі текті екенін, қызыл түс заманауи қоғам құруға және демократияны дамытуға деген ұмтылысты, жасыл түс ислам өркениетіне жататынын білдіреді.
Әзірбайжан Демократиялық Республикасы Президиумының төрағасы М.А.Расулзаде:
«Біз көтерген тудың үш түсі түркі ұлттық мәдениетінің, мұсылман өркениетінің және қазіргі Еуропаның демократиялық негіздерінің нышаны».
Әзірбайжан Республикасының ресми әнұранының авторы Узеир Гаджибейли:
«Туымыздың мағынасы осы, көк түс – түркіліктің, жасыл түс – исламның, қызыл түс – мәдениеттің белгісі».
Ұлттық елтаңба
Қазіргі мемлекеттік елтаңба Әзірбайжан Демократиялық Республикасы кезінде жасалған Елтаңба жобасының өзгертілген нысаны болып саналады.
1920 жылы 30 қаңтарда Әзірбайжан Демократиялық Республикасының үкіметі Әзірбайжанның ең үздік мемлекеттік елтаңбасына конкурс жариялап, конкурста жеңіске жеткен Елтаңба үлгісі сол жылдың 28 мамырында қабылданады деп шешті. Бірақ 1920 жылы 28 сәуірде Әзірбайжан Демократиялық Республикасының ыдырауы нәтижесінде Мемлекеттік Елтаңбаға қатысты шешім қабылдау мүмкін болмады.
1990 жылы 17 қарашада Нахчыван Автономиялық Республикасының Жоғарғы Мәжілісі мемлекеттік елтаңбаға қатысты мәселені талқылай келе, Әзірбайжан КСР Жоғарғы Кеңесіне Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік елтаңбасын жасауға жаңа конкурс жариялау туралы өтінішпен жүгінді.
1991 жылы 5 ақпанда Әзірбайжан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің шешімімен конкурс жарияланды. 1919-1920 жылдары Конституциялық заңға сәйкес әзірленген елтаңба жобаларының бірі 1993 жылы 19 қаңтар күні кейбір өзгерістермен Әзірбайжан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы болып қабылданды.
2018 жылғы 2 қарашадағы «Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесін бекіту туралы» Әзірбайжан Республикасының Конституциялық Заңынан үзінді:
1-бап. Жалпы сипаттама
1.1. Әзірбайжан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы екі емен бұтағы мен екі қылқанды иілген гүл шоғында шығыс қалқан түрінде жасалған.
1.2. Қалқанда Әзірбайжан Республикасының Мемлекеттік Туы түстерінің аясында сегіз қырлы жұлдыз бейнеленген, жұлдыздың ортасында жалын бар. Жұлдызы ақ, жалыны қызыл, еменнің бұтақтары жасыл, бидай сабақтары сары, қалқанның негізі мен жұлдызы, сондай-ақ қалқанның түймелері (8 дана) және емен конустары (5 дана) алтын түсті.
Мемлекеттік әнұран
1920 жылы 30 қаңтарда Әзірбайжан Демократиялық Республикасы үкіметі республиканың мемлекеттік әнұранын дайындау туралы қаулы қабылдады. Осыған орай, Халық ағарту министрлігі үздік мемлекеттік әнұранға байқау жариялады. Бірақ 1920 жылы 28 сәуірде ӘДР құлауына байланысты Әзірбайжанның мемлекеттік әнұраны қабылданбады.
1992 жылы 27 мамырда Әзірбайжан Ұлттық Мәжілісі «Әзірбайжан Республикасының Мемлекеттік әнұраны туралы» заң қабылдады, Әнін ұлы композитор Узейир Гаджибейли және сөзін ақын Ахмад Джавад жазған «Әзірбайжан маршы» Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік әнұраны ретінде бекітілді.
Мемлекеттік әнұран
Әні: Узеир Гаджибеков
Сөзі: Ахмед Джавад
Azerbaijan, Azerbaijan! You are the country of heroes! We will die so that you might be alive! We will shed our blood to defend you! Long live your three-colored banner! Thousands of people sacrificed their lives You're become the field of battles. Every soldier fighting for you, Has become a hero. We pray for your prosperity, We make sacrifice our lives to you Our sincere love to you, Comes from the bottom of our hearts. To defend your honor, To hoist your banner, All the young people are ready. Glorious motherland, Azerbaijan, Azerbaijan! |
Әзірбайжан, Әзірбайжан! Қасиетті ұлдарының мекені! Отаннан ыстық басқа жер жоқ, Отаннан жақын ел жоқ Өміріміздің бастауы Өміріміздің соңына дейін! Еркіндік туы астында өз сара жолыңды сал! Шайқаста қаза тапқан мыңдаған ұлдарың, Өз жерін қорғап ұлдарың сенің. Қатерлі сәтті бір күшке айналып Тұрамыз бәріміз бір қатарда! Әрқашан бақтарың жайнасын сенің! Жасампаз бол, арманда, жарат! Махаббатқа толы жүрегің сенің, Барымызды арнадық біз саған. Таңдаған тағдыр жолыңды мақтан тұт, Ежелгі өңіріміз, қасиетті жеріміз. Әр ұлың арман-оймен күш алар Аспаның ашық болсын әрдайым сенің. Нұрлы елім, қасиетті жерім, менің, Әзірбайжан, Әзірбайжан!
|