2020-09-27

  №272/20, Әзербайжан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесі

Бейресми аударма

 

 

2020 жылдың 27 қыркүйегінде Арменияның қарулы күштері оқты тоқтату тәртібін өскелең түрде бұза отырып, ірі колибрлі атқыш қару-жарақтарды, минометтерді, әртүрлі колибрі артиллерияны қолдана отырып, Тертер ауданының Гапанлы ауылын, Агдам ауданының Чираглы мен Орта Гервендін, Физули ауданының Алханлы мен Щюкюрбейлісін, Джебраиль ауданының Джоджуг Марджанлысын қақтығысу сызығы бойымен оққа ұшыратты.

Әзербайжан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мәліметтері бойынша, жай халық пен әскери қызметкерлер арасында қаза тапқандар мен жарақаттанғандар бар. Үйлер мен азаматтық объектілерге зиян келтірілді.

Арменияның кезекті әскери басқыншылығын тоқтату және қақтығысу сызығы бойындағы жай халық тығыз тұрып жатқан жерлердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, Әзербайжан Республикасының қарулы күштері өзін-өзі қорғау құқығы аясында және халықаралық гуманитарлы құқықпен толық сәйкестік негізінде қарсы шабуыл мен жауапты шараларға кірісті.

Арменияның Әзербайжанға қарсы жасаған басқыншылығы фундаменталды нормалар мен халықаралық құқық принциптерін, Әзербайжанның басып алынған аумағынан Армения әскерінің толығымен және сөзсіз шығуын талап ететін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1993 жылғы № 822, 853, 874, 884  резолюцияларын, халықаралық гуманитарлы құқықты, 1949 жылғы Женева Конвенциясын және Қосымша Хаттамаларды өрескел түрде бұзу болып табылады.

Ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде Арменияның Әзербайжанға қарсы жасаған жаңа агрессия актісі, 12-16 шілдедегі Товуз бағыты бойынша шапқыншылық әрекеті, 23 тамыздағы Геранбой бағыты бойынша диверсиялы-барлаушылық араңдатушылығы, Әзербайжанның басып алынған аумақтарына елді заңсыз орналастыру саясатын жүзеге асыру, сонымен қатар, Армения басшылығының арандатушылық мәлімдемелері мен іс-әрекеттері Арменияның соңғы айлардағы араңдатушылық қимылдарының жалғасы болып табылады.

Халықаралық қоғамдастық басып алынған Таулы-Қарабахтағы және Әзербайжанның басқа да аумақтарындағы Армения қарулы күштерінің заңсыз орналасуы аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіретініне хабардар және Әзербайжанға қарсы басып алушылық пен агрессия бойынша Арменияның политикасын қатал айыптау керек, сонымен қатар, Арменияны халықаралық гуманитарлы құқық аясында міндеттерін орындауға мәжбүрлеу керек.

Орын алған жағдайға толық жауапкершілік Арменияның әскери-саяси басшылығына жүктеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұрағаттан іздеу