2018-05-10

Гайдар Әлиев жөніндегі кітап қазақ тіліне аударылды

Қазақ тіліне аударылған кітаптың тұсаукесері Астанада Қазақстанның Тұңғыш Елбасы Кітапханасында болып өтті.

Әзірбайжанның марқұм лидері Гайдар Әлиевтің 95 жылдығына арнайы дайындалған «Еліне жол ашқан» атты кітап қазақ тіліне аударылды. Кітаптың алғысөзін елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жазды.

Қазақ тіліне аударылған кітаптың тұсаукесері Астанада Қазақстанның Тұңғыш Елбасы Кітапханасында болып өтті.

Тұсаукесерге Әзірбайжан Президентінің Саяси және әлеуметтік істерге жауапты орынбасары Али Хасанов,  Қазақстан Президенті Кеңесінің бастығы және кітаптың бас редакторы Махмұд Қасымбеков, Әзірбайжан депутаттары,  Халықаралық Түркі Академиясының басшысы Проф. Дархан Қыдырәлі, ғалымдар мен қонақтар қатысты.

Шарада сөз сөйлеген Әзірбайжан Президентінің Саяси және әлеуметтік істерге жауапты орынбасары Али Хасанов бірін бірі жақыннан тану, жақсы қатынастар құру,  бірлік болу үшін түрік халықтарының бір-бірінің құндылықтарын білуі керектігін айтты. Хасанов Қазақстанда Әлиевтің құрметтелуінің екі бауырлас ел қарым-қатынастары үшін маңызды екенін атап көрсетіп,  өздерінің де Қазақстан елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жөніндегі бір кітапты Әзірбайжан тіліне аударғандарын еске салды.

 Шараға қатысқан Махмұд Қасымбеков кітаптың елдегі оқу орындарының кітапханаларына таратылатынын жеткізді.

«Еліне жол ашқан» атты кітап Гайдар Әлиевті жақыннан танитын ел президенттері, үкімет басшылары,  сыртқы істер министрлері,  танымал саясат қайраткерлерінің естеліктерінен тұрады.

 

Мұрағаттан іздеу