2016-11-08

Облыс әкімі Әзірбайжан елшісін қабылдады

Атырау облысының Әзербайжанмен тауар айналымы 9,4 млн долларды құрады. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рашад Маммадовпен кездесу барысында мәлімдеді. Кездесуде қос тарап арасындағы сауда-экономикалық байланысты дамыту, елдегі татулық пен бейбітшілік мәселелері талқыланды. Аймақ басшысы мәртебелі мейманды Әзірбайжан Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалуымен құттықтады. Облыс басшысы, Әзірбайжан Республикасының Атырау облысы үшін экономикалық маңызы зор екендігін айтты. Атырау облысынан Әзербайжанға балық өнімдері, газойль, мазут, газ құбырлары экспортталады. Бүгінде өңірде Әзербайжан капиталының үлестік қатысуы бар 42 кәсіпорын табысты жұмыс істеуде. Бұл байланыс одан әрі де нығая түспек. Атырауға келген елші Әзірбайжанда өндірілетін азық-түлік өнімдерін Қазақстанға жеткізу мәселесі қарастырылып жатқандығын айтты. 

Мұрағаттан іздеу