2016-02-25

Әзірбайжан Елшілігі алғашқы болып қазақ халқына алғыс білдірдi

Әзірбайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рашад Маммадов мырза  Ходжалы Геноцидіне 24 жыл толуына байланысты  өткен іс-шарада өз сөзінде 1 наурыз Алғыс айту күніне орай қазақ халқына  ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, қиын- қыстау заманда Әзірбайжаннан қоныс аударған босқындарға құшағын айқара ашып, қол ұшын бергендігін атап өтті. Әзірбайжан мен Армения арасындағы оқиғадан кейін Қазақстанның Нагор-Қарабахтан келген босқындардың барлық жағдайын жасалғандығы – ағайындас қазақ халқының ізеттілігі мен кеңпейілдігінің көрсеткіші. Қазақстан халқына алғыс білдіре отырып, елші екі ел арасында ынтымақтастық пен сыйластық негізінде орнаған қарым-қатынасымыз одан әрі нығайатындығына сенетіндігін айтты.  Аталған іс-шарада Түрік Академиясының Президенті Дархан Қыдырәлі мырза Әзірбайжан Елшілігі алғашқы болып қазақ халқына алғыс білдіргендігін атап өтті.

Еске түсіре кетсек, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығы бойынша 1 наурыз Алғы айту күні деп жарияланды. Бұл күн Қазақстан территориясында бірлікте өмір сүріп жатқан эностардың бір-біріне, сонымен қатар әр түрлі елдерден қоныс аударған босқындарға құшақ  жайған қазақ халқына алғыс білдіру күні болмақ. Бұл  барлық ұлттар арасында достық, сыйластық орнайтын мереке. 

Мұрағаттан іздеу