Сапар шегу туралы ескертпе

Әзербайжан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес, мемлекеттік шекара арқылы белгіленген өткізу пункттерінен өтпей, Әзербайжан Республикасының аумағына кіру Әзербайжан Республикасының мемлекеттік шекарасын бұзу болып табылады және осылайша қылмыстық, әкімшілік және басқа да жауапкершілікке әкеп соғады.

Әзербайжан тарапы барлық азаматтарды Әзербайжан Республикасының аумағына Армения Республикасының аумағы арқылы кіруден бас тартуға шақырады.

Әзербайжанның аумағына кіру тек қана мемлекеттік шекараны кесіп өту пункттерінде жүргізілетін қажетті тексерулерден өту арқылы ғана мүмкін.

 

 

Мұрағаттан іздеу