ЕКІ ЖАҚТЫ ҚАТЫНАСТАР

Әзірбайжан мен Қазақстан арасындағы қатынастардың қысқаша тарихы.

Бұл екі мемлекет дипломатиялық қарым-қатынастарды 1992 жылдың 30 тамызында белгіледі, соған байланысты  1993 жылдың 9 қаңтарында Әзірбайжан Республикасында Қазақстан Республикасының Елшілігі, ал 2004 жылдың 1 наурызында Қазақстан Республикасында Әзірбайжан Республикасының Елшілігі орнатылды. Қазіргі уақытта, Әзірбайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гашимов Закир Ариф оглы. Әзірбайжанның Ақтаудағы Бас Консулдығы өзінің жұмысын 2008 жылдың 6 құркүйегінде бастады. Қазіргі уақытта, Әзірбайжан Республикасының Ақтаудағы Бас Консулының қызметін Рашад Мамедов мырза атқарады. Қазақстан Республикасының Әзірбайжандағы Елшісі Исабаев Бейбіт мырза.

Құқықты-шартты негіз:

Әзірбайжан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасында100 аса құжатқа қол қойылды.

Жоғарғы дәрежедегі сапарлар мен кездесулер:

Мемлекет басшылары:

2013 жыл 14-16 тамыз – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әзірбайжанға жұмыс сапарымен барды (Түркі тілдес мемлекеттерінің Ынтымақтастық Кеңесінің 3-ші саммиті).

2014 жыл 4 маусым –Түркі тілдес мемлекеттерінің Ынтымақтастық Кеңесінің жоғарғы дәрежеде өтетін 4 кездесуіне қатысу үшін,  Бодрумда өткен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен  Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Алиевтің екі жақты кездесуі.

2014 жыл 29 қыркүйек – Астраханда өткен Каспий маңы мемлекеттерінің 4 саммиті уақытында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен  Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Алиевтің екі жақты кездесуі.

2015 жыл 11 қыркүйек – Түркі тілдес мемлекеттерінің Ынтымақтастық Кеңесінің 5 саммитіне қатысу үшін,  Астанада өткен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен  Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Алиевтің екі жақты кездесуі.

2015 жыл 16 қазан - Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Алиев Қазақстанға жұмыс сапарымен келді (БҰҰ қатысатын мемлекеттер басшыларының кездесуі).

Сыртқы істер министрлері:

14-16 тамыз 2013 жыл – Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Ерлан Идрисов Әзірбайжанға жұмыс сапарымен барды( 3-ші Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі).

10-11 қыркүйек 2015 жыл – Әзірбайжан Республикасының сыртқы істер министрі Эльмар Мамедъяров Қазақстанға жұмыс сапарымен барды.

16 қазан 2015 – Әзірбайжан Республикасының сыртқы істер минисрі Эльмар Мамедъяров Қазақстанға жұмыс сапарымен келді (ТМД мемлекеттері басшыларының кездесуі барысында).

Парламентаралық қатынастар:

19-22 ақпан 2014 – Қазақстан Республикасы Әкімшілігінің төрағасы Нұрлан Нығматулин іскерлік сапармен Әзірбайжан Республикасында болды.

13 маусым 2014- Қазақстан Республикасы Мәжіліс төрағасы Қабибола Жақыпов Әзірбайжан Республикасына  Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының 5- ші отырысына қатысу мақсатында жұмыс сапарымен барды (Әзірбайжан Республикасының Ұлттық Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Ассамблеясының төрағалары арасындағы екіжақты кездесуі аясында).

Әзірбайжан Республикасының Ұлттық Ассамблеясы аясында жұмыс атқаратын Әзірбайжан- Қазақстан парламентаралық жұмыс тобының басшысы - Фархад Гарибов. Қазақстан Республикасы Ассамблеясының  аясында жұмыс атқаратын Әзірбайжан Республикасымен ынтымақтастық жөніндегі топ басшысы - Зағипа Балиева.

Экономикалық ынтымақтастық:

Екі мемлекет халықтары арасындағы бауырлас қарым-қатынас, сарқылмас қор,  ортақ теңіз шекаралары, Қазақстанда тұрып жатқан Әзірбайжан диаспорасы, тарихи «Жібек жолындағы» геостратегиялық орны, мемлекеттеріміздің экономикалық қарым-қатынасының жарқын болашағын қамтамасыз ететін негізгі қозғаушы күштері болып табылады. Энергетика, транспорт, құрылыс, ауыл шаруашылығы, байланыс, туризм - екіжақты ынтымақтастықтың  басты артықшылықтары. Әзірбайжан мен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі ортақ парламентаралық коммисиясының 11-ші отырысы 2014 жылы өткізіліп, қазіргі таңда табысты жұмыс атқаруда.

Екі мемлекеттің территориясы арқылы өтетін Шығыс-Батыс көлік жолдарын тиімді пайдалану мүмкіндіктері қаралып, керекті шаралар қарастырылған. Қазіргі уақытта, Қазақстанда өндірілген қуат көздері және тағы да басқа тауарлар көптеген  көлік түрлерімен Әзірбайжан арқылы Еуропаға тасымалданады. Баку-Тбилиси-Карс темір жолының пайдалануға берілген кезінен бастап, Бакудағы жаңа халықаралық порт Қазақстандағы көлік инфрақұрылымының дамуына жол ашып, осы салада серіктестікті одан әрі дамытуға және транзиттік дәлізде біздің мемлекеттеріміздің маңыздылығын арттыруда септігін тигізеді.

Қазақстанның ауылшаруашылық тауарларының жетекші саласы болып табылатын   астық саласында, Әзірбайжан негізгі импорттаушылардың бірі болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстанның батыс аудандарында Әзірбайжанның экспорттық формасы азық-түлік  қауіпсіздігін қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады. Тауар айналымын әлеуметтік жағдайға жеткізу үшін, біз бірге жұмыс жасаймыз. Әзірбайжанның инвестициясы есебінен жасалған, Бакудағы және Ақтаудың логистикалық орталығында орналасқан Астық терминалы, осындай жобалардың айтарлықтай мысалы болып табылады.

Бүгінгі таңда Әзірбажан мен Қазақстан арасында экономикалық қарым-қатынас аясында жеткілікті түрде дамыған құқықтық қор бар, сонын ішінде инвестицияларды қорғау үшін, екі еселенген салық төлемдерін болдыртпау үшін 20 аса  келісімдерге қол қойылған, және де тауар айналымына оң әсерін тигізетін көптеген шарттар жасалған.   

Қазақстанда қазіргі таңда шамамен 300 әзірбайжандық серіктестік жұмыс атқарады.

Серіктестіктің басқа да бағыттары:

Екі жақтық қарым-қатынас негізінде және халықаралық ұйымдар шеңберінде, мәдени және қоғамдық қатынастарды жақсарту мақатында көптеген жобалар іске асырылады.

Ортақ діни, рухани және мәдени құндылықтар әр уақытта біздің халықтарымыздың ауызбірлігі мен екі мемлекет арасындағы өзара достастықтың болуына ықпал етіп келеді. «Китаби Деде Коркут», «Кероглу» эпостарының қазақ және әзірбайжан халықтары үшін маңызы зор. Екі мемлекеттің тәуелсіздігі осындай нық қарым-қатынастардың орнауына жол ашты.

11 мамыр 2010 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде әзірбайжан халқының жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Алиевтың құрметіне аудитория ашылды.

13 мамыр 2011  Баку мемлекеттік университетінде  қазақтың ұлы ақыны Абайдың құрметіне қазақ тілі,тарихи және мәдени орталығының ресми ашылуы болды.

29 наурыз – 3 сәуір 2012 жылы Әзірбайжан Республикасының астанасы Бакуда қазақстандық кино күндері өткізіледі.

6-9  маусым 2012 жылы Астана мен Алматы қалаларында Әзірбайжан мәдениет күндері өтті.

18-21 қараша 2012 жылы Баку қаласында Қазақстан мәдениет күндері өтті.

Қазіргі таңда Халықаралық түрік академиясы және ТҮРКСОЙ сынды ұйымдардың халықтарымыздың мұрасын зерттеуде атқаратын рөлі зор. Ғалымдар мен зерттеушілердің қатысуымен мәдени шаралар, конференциялар, симпозиумдардың ұйымдастырылуы болашақта біздің ұлттарымыздың достастығының нығаюына септігін тигізері 

.